Әлем

Қасында әйелі де болған: Қырғызстанда жас ақын жол апатынан көз жұмды

Кейбір дерекке сүйенсек, Ақжолтой Қанат әйелімен бірге Нарын облысының Қошқар ауданына бара жатқан. Жол апаты бүгін таңертең болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қырғызстанда 26 жастағы айтыскер ақын Ақжолтой Қанатұлы жол апатынан қаза болды.

Суыт хабарды марқұмның туысқандары хабарлаған.

Айтуынша, апат кезінде жас жігіттің қасында әйелі мен достары да болыпты. Олар Бішкектен шығып, Нарын облысының Қошқар ауданына бара жатқан.

Жол апаты бүгін таңертең болды, деп жазады Sputnik Қырғызстан. 

Ақжолтой Қанатұлы – белгілі ақын Майра Керімқызының ұлы. Түрлі айтыстарға қатысып, бақ сынаған.