НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Алматы маңында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды Қазгидромет мамандары.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 11-12 қарашада жауын-шашынның көп жаууы мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды
Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл күндері Алматыда ауа райы алабұлтты. Ауа температурасы 1-5 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына алты метрге дейін жетеді, жаңбыр жауады.