Оқиға

Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады

Полиция екі адамды көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Алматы облысында ұсталғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша — Sputnik. Алматы полициясы Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі деген күдіктіні ұстады.  

Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады

Полиция подполковнигі, жергілікті полиция қызметі басқармасы тобының басшысы Қайсар Төлебековтің айтуынша,  Toyota Raum көлігінің жүргізушісі Алматы облысынан табылған.

"Жүргізуші ұсталды. Көлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекенінен табылды", - деді ол.

Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады

Қазір криминалистер саусақ ізін алып, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыдағы жол апаты

10 қараша күні түнгі он екіден кейін Райымбек даңғылындағы Саудакент базарына қарама-қарсы жолда Toyota Raum көлігінің жүргізушісі 43 және 44 жастағы екі ер адамды көлікпен қағып кетті. Жарақат салдарынан екі ер адам да оқиға орнында көз жұмды.

Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады

Жүргізуші апат болған жерден қашып кеткен.