OMБЫ, 8 қараша – Sputnik. Эрмитаждың бірінші Сібір филиалы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кеткеннен кейін келушілерге есігін айқара ашты.
Музейде таңертең аудиогид немесе қарапайым гид болған жоқ. Эрмитаждың Омбыдағы күндеріне арналған арнайы бағдарлама бар болып шықты.
Президенттерге шығыс қару-жарақтарының композициясы туралы Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский айтып берді. Ол Үндістаннан, Кавказдан, Орта Азиядан әкелінген қылыштарды көрсетті.
"Керемет көрме. Мен немеремді демалыс кезінде осында әкелуді ұйғардым. Өткен ғасырдағы көптеген жәдігер қойылыпты, бала қару-жарақты көрді. Жағымды әсер қалдырды, билеттің бағасы арзан, зейнеткерлер мен балаларға жеңілдік бар. Омбы тұрғындары үшін бұл өте жақсы сыйлық", - деді немересі Платонмен бірге келген Олег Липкан.
Қала тұрғындары орталықтың ашылуын бес жыл күтті, дейді мұғалім Ольга Кавелина. Ол ұлы Александр екеуі мұражайдан үлкен әсер алды.
"Ғажайып экспозиция, шығыс қару-жарағы керемет, ежелгі дәуірден 19-ғасырға дейінгі қару-жарақ іріктеліп алынған. Тарихшы ретінде қатты қызығушылық таныттым", - деп жауап берді Александр Кавелин.
Омбы суретшілерінің залында Фельдманның "Қазақстан" картинасы, сондай-ақ Қазақстан суретшілер академиясының академигі Амангелді Шәкеновтің "Жайлау" туындысы лайықты орын алған.