Әлем

Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды

© Sputnik / Айгюзель КадирПервый сибирский филиал Эрмитажа открыл свои двери для посетителей на следующий день после отъезда президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева и главы России Владимира Путина
Первый сибирский филиал Эрмитажа открыл свои двери для посетителей на следующий день после отъезда президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева и главы России Владимира Путина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңертеңнен бастап "Эрмитаж-Сібір" орталығындағы бақылаушылар Омбы тұрғындары мен қала қонақтарын күлімсіреп қарсы алды

OMБЫ, 8 қараша – Sputnik. Эрмитаждың бірінші Сібір филиалы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кеткеннен кейін келушілерге есігін айқара ашты.

"Эрмитаж-Сібір" Музейная көшесінде орналасқан. Үш қабатты ғимаратта үш көрме бар: суретші Геймран Баймұхановтың таңдаулы туындылары, Омбы суретшілерінің жұмыстары және Таяу Шығыстың қару-жарақ дәстүрлері.

© Sputnik / Айгюзель КадирЩучедегі қыс. Г.Баймұханов
Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды - Sputnik Қазақстан
Щучедегі қыс. Г.Баймұханов

Музейде таңертең аудиогид немесе қарапайым гид болған жоқ. Эрмитаждың Омбыдағы күндеріне арналған арнайы бағдарлама бар болып шықты.

© Sputnik / Айгюзель Кадир"Омбы Эрмитажында" келушілер жәдігерлерді көріп жатыр
Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды - Sputnik Қазақстан
"Омбы Эрмитажында" келушілер жәдігерлерді көріп жатыр

Президенттерге шығыс қару-жарақтарының композициясы туралы Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский айтып берді. Ол Үндістаннан, Кавказдан, Орта Азиядан әкелінген қылыштарды көрсетті.

© Sputnik / Айгюзель КадирЭрмитаж-Сібір
Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды - Sputnik Қазақстан
Эрмитаж-Сібір

"Керемет көрме. Мен немеремді демалыс кезінде осында әкелуді ұйғардым. Өткен ғасырдағы көптеген жәдігер қойылыпты, бала қару-жарақты көрді. Жағымды әсер қалдырды, билеттің бағасы арзан, зейнеткерлер мен балаларға жеңілдік бар. Омбы тұрғындары үшін бұл өте жақсы сыйлық", - деді немересі Платонмен бірге келген Олег Липкан.

© Sputnik / Айгюзель КадирОлег Липкан немересі Платонмен
Омбыдағы Эрмитаж филиалының орталығына қазақ суретшілерінің туындылары қойылды - Sputnik Қазақстан
Олег Липкан немересі Платонмен

Қала тұрғындары орталықтың ашылуын бес жыл күтті, дейді мұғалім Ольга Кавелина. Ол ұлы Александр екеуі мұражайдан үлкен әсер алды.

"Ғажайып экспозиция, шығыс қару-жарағы керемет, ежелгі дәуірден 19-ғасырға дейінгі қару-жарақ іріктеліп алынған. Тарихшы ретінде қатты қызығушылық таныттым", - деп жауап берді Александр Кавелин.

© Sputnik / Айгюзель КадирДжайлау. А.Шакенов
Жайлау. А.Шәкенов - Sputnik Қазақстан
1/2
Жайлау. А.Шәкенов
© Sputnik / Айгюзель КадирҚазақстан картинасы
Қазақстан картинасы - Sputnik Қазақстан
2/2
Қазақстан картинасы
1/2
Жайлау. А.Шәкенов
2/2
Қазақстан картинасы

Омбы суретшілерінің залында Фельдманның "Қазақстан" картинасы, сондай-ақ Қазақстан суретшілер академиясының академигі Амангелді Шәкеновтің "Жайлау" туындысы лайықты орын алған.  

Жаңалықтар
0