НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушысы Нұрбек Дайырбеков Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Жаңа вице-министр туралы не білеміз?
Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, "Ақ-Бидай" ЖШС-де жұмыс істеген.
1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Тағы оқыңыз: Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады
2019 жылғы сәуірден бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарушы директоры лауазымында болды.