Қоғам

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

© SputnikЗдание Минсельхоза
Здание Минсельхоза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрбек Дайырбеков ауыл шаруашылығы вице-министрі болды. Бұған дейін ол ұлттық компаниялардың бірінде қызмет атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушысы Нұрбек Дайырбеков Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жаңа вице-министр туралы не білеміз?

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаАуыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, "Ақ-Бидай" ЖШС-де жұмыс істеген.

1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады

2019 жылғы сәуірден бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарушы директоры лауазымында болды. 

Жаңалықтар
0