Оқиға

Тамақ пісірген: Пәкістанда 73 адамның өмірін қиған пойыздағы өрттің себебі анықталды

Пойыз өртеніп, 73 адам қаза болды. Теміржол министрлігі немқұрайлылық танытқаны үшін өздерін кінәлі деп санайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Пәкістанның солтүстік-шығысында пойыз өртеніп, кем дегенде 73 адам қаза болды. Ондаған адам жарақат алды, деп хабарлады Geo TV арнасы.

Бұған дейін 65 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

​Өрт пойыз Лиакватпур қаласынан өтіп бара жатқан кезде басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен газ баллоны жарылған. Жанында өсімдік майы тұрған. Жалын үш вагонға шарпыды. Пойызда барлығы 200 шақты жолаушы болған, 65 адам қайтыс болғаны хабарланды, кейінірек БАҚ тағы сегіз адам жан тапсырғаны туралы ақпарат таратты.

"Екі асүй плитасы жарылды. Ол жерде тамақ пісіріп жатқан, жанында май болған. Көптеген адам жанып жатқан пойыздан секіріп қаза болды", - деді теміржол министрі Шейх Рашид.

Кейбір құрбандардың кім екенін ДНҚ тесті арқылы анықтамақ.

"Бұл біздің немқұрайлығымыздан болды, газ баллоны қойылған пойызға отыруға рұқсат бердік", - деді Рашид.   

Президент Ариф Алви мен премьер-министр Имран Хан қайғылы жағдайға байланысты қайғырып көңіл айтты. Үкімет басшысы зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетуді және істі тергеуді мүмкіндігінше тезірек аяқтауды тапсырды.