НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Пәкістанның солтүстік-шығысында пойыз өртеніп, кем дегенде 73 адам қаза болды. Ондаған адам жарақат алды, деп хабарлады Geo TV арнасы.
Бұған дейін 65 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.
Rescue officials say #Tezgam fire was caused after two gas cylinders exploded on the train.
— Samaa English (@SamaaEnglish) 31 октября 2019 г.
Sheikh Rasheed said the groups who brought the cylinders were members of the Tableeghi Jamaat. They were preparing breakfast when the explosion occurred pic.twitter.com/Pb0A5tzBTW
Өрт пойыз Лиакватпур қаласынан өтіп бара жатқан кезде басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен газ баллоны жарылған. Жанында өсімдік майы тұрған. Жалын үш вагонға шарпыды. Пойызда барлығы 200 шақты жолаушы болған, 65 адам қайтыс болғаны хабарланды, кейінірек БАҚ тағы сегіз адам жан тапсырғаны туралы ақпарат таратты.
"Екі асүй плитасы жарылды. Ол жерде тамақ пісіріп жатқан, жанында май болған. Көптеген адам жанып жатқан пойыздан секіріп қаза болды", - деді теміржол министрі Шейх Рашид.
Кейбір құрбандардың кім екенін ДНҚ тесті арқылы анықтамақ.
"Бұл біздің немқұрайлығымыздан болды, газ баллоны қойылған пойызға отыруға рұқсат бердік", - деді Рашид.
Президент Ариф Алви мен премьер-министр Имран Хан қайғылы жағдайға байланысты қайғырып көңіл айтты. Үкімет басшысы зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетуді және істі тергеуді мүмкіндігінше тезірек аяқтауды тапсырды.