НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Отбасымен апатқа ұшыраған қазақстандық футболшы Илья Байтеряковтың туыстары оқиғаның куәгерлерін тапты, олар трагедияның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға спортшының ағасы Михаил Байтеряков хабарлады.
Александр мен Евгений тоқтап, жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Олардың айтуынша, "жедел жәрдем" тек бір жарым сағаттан кейін жеткен. Сондай-ақ, полиция келген кезде жылқылар кетіп қалған, сондықтан тәртіп сақшылары апаттың себебін дұрыс анықтай алмаған.
"Илья 18 қазан күні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, бірақ оның жағдайы ауыр. Қазіргі таңда біздің міндет – Ильяның бұл жол апатына кінәсіз екенін дәлелдеу", - деп мәлімдеді Михаил Байтеряков Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері Илья Байтеряковты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша (абайсызда адамға өлім келтіру) айыптап отыр. Полицейлер Sputnik Қазақстанға ресми түсінік беруден бас тартты.
35 жастағы Илья Байтеряков 12 қазанда отбасымен бірге Өскемен-Семей тасжолында апатқа ұшырады. Кіші ұлы мен әкесі қайтыс болды, әйелі мен үлкен ұлы жарақат алды, ал Ильяның өзі ауруханаға ауыр халде жеткізілді.
Илья Байтеряков өмір бойы қазақстандық клубтарда ойнады, соңғы рет "Атырау" футбол командласының құрамында болды.