Оқиға

Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   

© Sputnik / Тимур БатыршинНа Аль-Фараби, Саина и восточной объездной автомобильной дороге в Алматы средняя скорость снижена с 80 до 60 км/ч
На Аль-Фараби, Саина и восточной объездной автомобильной дороге в Алматы средняя скорость снижена с 80 до 60 км/ч - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасымен бірге жантүршігерлік жол апатына ұшыраған қазақстандық қақпашы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Отбасымен апатқа ұшыраған қазақстандық футболшы Илья Байтеряковтың туыстары оқиғаның куәгерлерін тапты, олар трагедияның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға спортшының ағасы Михаил Байтеряков хабарлады.

Қайғылы оқиғаға куә болған Александр мен Евгений 12 қазанда Өскеменнен Семейге бара жатқан. Олардың айтуынша, апатқа тасжолға шығып кеткен бір үйір жылқы себеп болған. Александр мен Евгений жылқыларды айналып өткен, бірақ олардың артынан келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, жыраға ұшып түскен. Бұл футболшы Илья Байтеряковтың көлігі болып шықты, онда оның әкесі, анасы, әйелі және екі баласы отырған.

Александр мен Евгений тоқтап, жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Олардың айтуынша, "жедел жәрдем" тек бір жарым сағаттан кейін жеткен. Сондай-ақ, полиция келген кезде жылқылар кетіп қалған, сондықтан тәртіп сақшылары апаттың себебін дұрыс анықтай алмаған.

"Илья 18 қазан күні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, бірақ оның жағдайы ауыр. Қазіргі таңда біздің міндет – Ильяның бұл жол апатына кінәсіз екенін дәлелдеу", - деп мәлімдеді Михаил Байтеряков Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері Илья Байтеряковты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша (абайсызда адамға өлім келтіру) айыптап отыр. Полицейлер Sputnik Қазақстанға ресми түсінік беруден бас тартты.

35 жастағы Илья Байтеряков 12 қазанда отбасымен бірге Өскемен-Семей тасжолында апатқа ұшырады. Кіші ұлы мен әкесі қайтыс болды, әйелі мен үлкен ұлы жарақат алды, ал Ильяның өзі ауруханаға ауыр халде жеткізілді.  

Илья Байтеряков өмір бойы қазақстандық клубтарда ойнады, соңғы рет "Атырау" футбол командласының құрамында болды.

Жаңалықтар
0