Спорт

Беларустің сұлу спортшы қызы ММА жекпе-жегінде ауыр нокаутқа түсті – видео

Барби деген лақап атпен танымал болған Вандарьева жойқын соққыны өткізіп алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Жапонияда беларустік аралас жекпе-жек шебері Екатерина Вандарьеваны қарсыласы нокаутқа жіберді.

​Жекпе-жек Токиода аралас жекпе-жектен One Championship турнирі аясында өтті. Сегізбұрышта Екатерина 33 жастағы америкалық Джанет Тодпен кездесті.

Тағы оқыңыз: Сатушы қыздың дүкендегі нокауты жұртты таңғалдырды – видео 

Екінші раундта 28 жастағы Вандарьева жойқын хай-кикті (басқа аяқпен жасалатын соққы) өткізіп алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.

"Бүгін жеңілдім! Америкалықпен ашық айқасуға болмайтын білдім, дегенмен ауыр соққыны өткізіп алдым. Бұған қатты ренжідім бе, жоқ па, әзірге білмеймін", - деп жазды Вандарьева жекпе-жектен кейін.

Спортшы қыздың сыртқы көрінісі әйгілі қуыршаққа ұқсас болғандықтан жұрт оны Барби деп атап кеткен.

Беларусь қызы кикбоксингпен және муай-таймен айналысады. Ол жекпе-жектің осы түрлерінен әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы. Кикбоксингте 58 мәрте жеңіске жетіп, 7 рет ұтылған.