НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Жапонияда беларустік аралас жекпе-жек шебері Екатерина Вандарьеваны қарсыласы нокаутқа жіберді.
Japanese-American star Janet Todd wipes out Ekaterina "Barbie" Vandaryeva with 💥 CRACKING 💥 Round 2 knockout! #WeAreONE #ONEChampionship #ONECentury pic.twitter.com/JtAG7h8W7e
— ONE Championship (@ONEChampionship) 13 октября 2019 г.
Жекпе-жек Токиода аралас жекпе-жектен One Championship турнирі аясында өтті. Сегізбұрышта Екатерина 33 жастағы америкалық Джанет Тодпен кездесті.
Тағы оқыңыз: Сатушы қыздың дүкендегі нокауты жұртты таңғалдырды – видео
Екінші раундта 28 жастағы Вандарьева жойқын хай-кикті (басқа аяқпен жасалатын соққы) өткізіп алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.
"Бүгін жеңілдім! Америкалықпен ашық айқасуға болмайтын білдім, дегенмен ауыр соққыны өткізіп алдым. Бұған қатты ренжідім бе, жоқ па, әзірге білмеймін", - деп жазды Вандарьева жекпе-жектен кейін.
Спортшы қыздың сыртқы көрінісі әйгілі қуыршаққа ұқсас болғандықтан жұрт оны Барби деп атап кеткен.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЭто фото можно смело подписать: «Обзорная экскурсия по Токио»😂😅🤪✌️
Беларусь қызы кикбоксингпен және муай-таймен айналысады. Ол жекпе-жектің осы түрлерінен әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы. Кикбоксингте 58 мәрте жеңіске жетіп, 7 рет ұтылған.