НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептелістің себебін атады. Ол мұндай проблеманың бар екенін растады, бірақ, оның айтуынша, бұл маусымдық сипатқа ие.
"Жалпы, Ресей-Қазақстан шекарасында 51 өткізу пункті жұмыс істейді. Олардың отызы автомобиль, 20-сы теміржол, біреуі өзен өткізу пункті. Негізінен бұл көктем мен жазда, бүкіл Орталық Азиядан, көрші елдерден жеміс-жейдектер мен көкөністер Ресейге тасымалданатын кезде болады. Сондықтан мұндай жүк ағыны болатыны сөзсіз", - деді ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Өткізу бекеттерінің өткізу қабілеті әртүрлі, тасымалдаушылар жылдам жету үшін өз бағдарларын таңдайды, деп жалғастырды Тілеуберді. Бұл мәселе алдағы қарашада Омбыда өтетін аймақаралық ынтымақтастық форумында талқылануы мүмкін, деді ол.
Сәрсенбіде Мұхтар Тілеуберді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, соның ішінде энергетика, көлік және ғарыш саласындағы міндеттерді талқылады.