НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында ауырып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Геннадий Головкинмен араласатын промоутер Эдди Хирн айтты.
"Эдди Хирн GGG-дің жекпе-жекке ауырып шыққанын хабарлады. Ол өзін жайсыз сезінген. Боксшының командасы мұны құпия ұстаған", - деп жазды FightHub журналисі Маркос Виллегас желідегі парақшасында.
Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.
Кездесу 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Жекпе-жектен кейін екі боксшының да ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.