Спорт

Головкиннің жанкүйерлерінен не жасырғаны белгілі болды

© REUTERS / Joe Camporeale / USA TODAY SportsГеннадия Головкин мен Сергея Деревянченконың жекпе-жегі
Геннадия Головкин мен Сергея Деревянченконың жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің командасы қазақстандық боксшының жекпе-жек алдында ауырып қалғанын құпия ұстауды жөн көрген

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында ауырып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Геннадий Головкинмен араласатын промоутер Эдди Хирн айтты.

"Эдди Хирн GGG-дің жекпе-жекке ауырып шыққанын хабарлады. Ол өзін жайсыз сезінген. Боксшының командасы мұны құпия ұстаған", - деп жазды FightHub журналисі Маркос Виллегас желідегі парақшасында.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

© REUTERS / Joe Camporeale/ USA TODAY SportsГеннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өткен жекпе-жек
Головкиннің жанкүйерлерінен не жасырғаны белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өткен жекпе-жек

Кездесу 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жектен кейін екі боксшының да ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Жаңалықтар
0