Қоғам

Sputnik-ті Ұлыбританиядағы конференцияға кіргізбеді

Ұйымдастыру комитетінің жауабы ірі саяси шараға бір күн қалғанда келген. Бұл оқиғаға Ресейдің сыртқы істер министрлігі араласты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек — Sputnik. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігін Ұлыбританияның консервативтік партиясының жыл сайынғы конференциясына аккредитациядан өткізбеді. Алайда премьер-министрдің қатысуымен өтетін жиынның ұйымдастыру комитеті мұндай жауапты сенбі күні кешке ғана берген. Нақты себебі түсіндірілмеген.

"БАҚ аккредитациядан өткізілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Енді Ресейдің сыртқы істер министрлігі британиялық БАҚ-қа да дәл осындай шара қолданбақ.

Тағы оқыңыз: Sputnik Литва шеф-редакторы журналистердің құқығы бұзылып жатқанын айтты

Айта кетсек, қыркүйек айында Ұлыбританияның оппозициялық лейбористік партиясы өзінің конференциясына Sputnik тілшілерін аккредитациядан өткізген болатын.