НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек — Sputnik. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігін Ұлыбританияның консервативтік партиясының жыл сайынғы конференциясына аккредитациядан өткізбеді. Алайда премьер-министрдің қатысуымен өтетін жиынның ұйымдастыру комитеті мұндай жауапты сенбі күні кешке ғана берген. Нақты себебі түсіндірілмеген.
"БАҚ аккредитациядан өткізілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Енді Ресейдің сыртқы істер министрлігі британиялық БАҚ-қа да дәл осындай шара қолданбақ.
Тағы оқыңыз: Sputnik Литва шеф-редакторы журналистердің құқығы бұзылып жатқанын айтты
Айта кетсек, қыркүйек айында Ұлыбританияның оппозициялық лейбористік партиясы өзінің конференциясына Sputnik тілшілерін аккредитациядан өткізген болатын.