Оқиға

Тоқаев Алматы облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан президенті Алматы облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, тергеу жұмыстары басталғанын жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы темір жол өткелінде болған апатқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобуспен соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында.

​Алматы облысындағы жантүршігерлік апат

15 қыркүйек күні кешкісін Шамалған станциясы аумағында пойыз темір жол өткелінде тұрған автобуспен соқтығысты.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолаушылар автобусы пойыз келе жатқанда темір жолдың үстінде тұрған. Машинист сигнал бергенімен, автобус орнынан қозғалған жоқ.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты - видео

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, темір жол өткелі маңында көлік кептелісі болған.