НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы темір жол өткелінде болған апатқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобуспен соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында.
Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 сентября 2019 г.
Алматы облысындағы жантүршігерлік апат
15 қыркүйек күні кешкісін Шамалған станциясы аумағында пойыз темір жол өткелінде тұрған автобуспен соқтығысты.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолаушылар автобусы пойыз келе жатқанда темір жолдың үстінде тұрған. Машинист сигнал бергенімен, автобус орнынан қозғалған жоқ.
Тағы оқыңыз: Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты - видео
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, темір жол өткелі маңында көлік кептелісі болған.