Әлем

Белгілі Құран аудармашысы қайтыс болды

Валерия-Иман Пороховамен қоштасу сәрсенбі күні Мәскеуде өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Құран кәрімді орыс тіліне аударған Валерия-Иман Порохова қайтыс болды, деп хабарлады Ресейдің мүфтийлер кеңесі.

Белгілі Құран аудармашысы қайтыс болды

Мүфтийлер кеңесі Валерия Порохованың отбасына көңіл айтты. Аудармашы 79 жасында көз жұмды.

Порохова синхронды аудармашы болған. Ол Құран кәрімді орыс тіліне тәржімалаған.

Тағы оқыңыз: Құранды қазақшаға аударған Халифа Алтай жайлы не білеміз?

"Мен Валерия Порохованың күйеуі Мұхаммад әл-Рошд, отбасы және жақындарының қайғысына ортақпын. Алладан туысқандарына сабыр беруін сұрап, дұға етемін", - деп жазды мүфтий Гайнутдин.

Сәрсенбі, 4 қыркүйек күні Мәскеуде Валерия Порохованың жаназасы шығарылады.