НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Құран кәрімді орыс тіліне аударған Валерия-Иман Порохова қайтыс болды, деп хабарлады Ресейдің мүфтийлер кеңесі.
© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өту Құран кәрімді орыс тіліне тәржімалаған жалғыз әйел Валерия Порохова
Құран кәрімді орыс тіліне тәржімалаған жалғыз әйел Валерия Порохова
© Sputnik / Владимир Федоренко
/ Мүфтийлер кеңесі Валерия Порохованың отбасына көңіл айтты. Аудармашы 79 жасында көз жұмды.
Порохова синхронды аудармашы болған. Ол Құран кәрімді орыс тіліне тәржімалаған.
Тағы оқыңыз: Құранды қазақшаға аударған Халифа Алтай жайлы не білеміз?
"Мен Валерия Порохованың күйеуі Мұхаммад әл-Рошд, отбасы және жақындарының қайғысына ортақпын. Алладан туысқандарына сабыр беруін сұрап, дұға етемін", - деп жазды мүфтий Гайнутдин.
Сәрсенбі, 4 қыркүйек күні Мәскеуде Валерия Порохованың жаназасы шығарылады.