Оқиға

Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды

Жарылыс салдарынан газбетонды блок шығаратын цех ішінара бұзылып, жақын маңда тұрған көліктерге зиян келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын кәсіпорында жойқын жарылыс болды. Салдарынан бір ер адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Оқиға бүгін сағат он екілер шамасында болған, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдай комитеті.

Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды

"Алматы облысы ТЖД кезекшілік пультіне Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында газбетонды блок цехында жарылыс болғаны туралы хабар түсті. Жоғары қысымнан автоклав жарылып, жарылыстан цех ішінара бұзылған", - делінген хабарламада.

Жойқын жарылыстан түтін шығаратын құбырдың сынықтары жеке тұрғын үй секторының аумағына ұшқан.

Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды

Полицейлер мен облыстық ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан 58 жастағы ер адамның денесін тапты. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Бұдан бөлек, цехқа жақын маңда тұрақта тұрған бірнеше автокөлікке зиян келді.