Оқиға

Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды

© Photo : КЧС МВД Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехта жарылыс болды
Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехта жарылыс болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс салдарынан газбетонды блок шығаратын цех ішінара бұзылып, жақын маңда тұрған көліктерге зиян келді

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын кәсіпорында жойқын жарылыс болды. Салдарынан бір ер адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Оқиға бүгін сағат он екілер шамасында болған, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдай комитеті.

© Photo : КЧС МВД Райымбек ауылындағы цехта болған жарылыстың салдары
Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Райымбек ауылындағы цехта болған жарылыстың салдары

"Алматы облысы ТЖД кезекшілік пультіне Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында газбетонды блок цехында жарылыс болғаны туралы хабар түсті. Жоғары қысымнан автоклав жарылып, жарылыстан цех ішінара бұзылған", - делінген хабарламада.

Жойқын жарылыстан түтін шығаратын құбырдың сынықтары жеке тұрғын үй секторының аумағына ұшқан.

© Photo : КЧС МВД Жойқын жарылыстан көліктерге де зиян келді
Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Жойқын жарылыстан көліктерге де зиян келді

Полицейлер мен облыстық ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан 58 жастағы ер адамның денесін тапты. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Бұдан бөлек, цехқа жақын маңда тұрақта тұрған бірнеше автокөлікке зиян келді.

Жаңалықтар
0