НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. 2020 жылдан бастап Қазақстан мен Ресей Ми азаматтық тікұшағын Алматы қаласында құрастыруға келісті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресейдегі Жуковский қаласында өтіп жатқан 14-ші "МАКС-2019" халықаралық ғарыш-авиация салоны аясында Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.
"Кездесу барысында қос тарап 2020 жылдан бастап, №405 Алматы авиажөндеу зауытының базасында Ми азаматтық тікұшағын құрастыруға келісті", - делінген хабарламада.
Кездесу барысында қос мемлекет ұшақ құрастыру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл қазақстандық және ресейлік кәсіпорындарға бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.