Экономика

Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуВертолет Ми-171, архивное фото
Вертолет Ми-171, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі елдің министрлері Ресейде құрастырылатын әуе борттары өндірісіне Қазақстанда шығарылатын өнімді интеграциялау мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. 2020 жылдан бастап Қазақстан мен Ресей Ми азаматтық тікұшағын Алматы қаласында құрастыруға келісті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

© Photo : Официальный сайт министерства индустрии и инфраструктурного развития Казахстана Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті
Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті

Ресейдегі Жуковский қаласында өтіп жатқан 14-ші "МАКС-2019" халықаралық ғарыш-авиация салоны аясында Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

"Кездесу барысында қос тарап 2020 жылдан бастап, №405 Алматы авиажөндеу зауытының базасында Ми азаматтық тікұшағын құрастыруға келісті", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында қос мемлекет ұшақ құрастыру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл қазақстандық және ресейлік кәсіпорындарға бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0