Оқиға

Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Жүргізушілердің бірі ұсталған, екіншісіне іздеу жарияланды
Sputnik

АЛМАТЫ, 27 тамыз — Sputnik. Алматы полицейлері 26 тамызда таңертең ерте Гагарин көшесінде адамдарды әдейі қақты деген жүргізушілердің бірін ұстады. Екіншісіне іздеу жарияланған.

Видеодағы Toyota Camry және Toyota Avensis көліктерін полиция бірінші күні-ақ тауыпты.

"Екі көлік те тексерілді, соққы іздері қалған. Тиісті сараптамаларды тағайындадық. Қазір көліктер арнайы тұрақта тұр, тергеуші қылмыс құралы ретінде оларға тыйым салу туралы қаулы шығарды", - деді Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысы Думан Аухадиев.

Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Сондай-ақ полиция департаменті хабарлағандай, 26 тамызда кешке жедел қызметкерлер қылмыс жасады деген күдіктілердің бірін қолға түсірді. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 24 жастағы тұрғыны екен. Жас жігіт тергеу біткенше қамауда отырады.

Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

"Екінші жүргізуші де анықталды, жуық арада ұсталады. Адамдарды қаққан көлік табылып, тәркіленді. Айта кетсек, тергеу мұқият, жан-жақты әрі әділетті жүргізіледі", - деді полковник Аухадиев.

Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Еске сала кетсек, Алматыдағы Гагарин көшесінде 26 тамызда таңертең ерте үш адам көлік астына түсті. Белгілі болғандай, бір топ жігіт өзара жанжалдасып, екеуі өз көліктеріне отырып, үш қарсыласын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.