Оқиға

Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы"Toyota Camry" после наезда на трёх пешеходов
Toyota Camry после наезда на трёх пешеходов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жүргізушілердің бірі ұсталған, екіншісіне іздеу жарияланды

АЛМАТЫ, 27 тамыз — Sputnik. Алматы полицейлері 26 тамызда таңертең ерте Гагарин көшесінде адамдарды әдейі қақты деген жүргізушілердің бірін ұстады. Екіншісіне іздеу жарияланған.

Видеодағы Toyota Camry және Toyota Avensis көліктерін полиция бірінші күні-ақ тауыпты.

"Екі көлік те тексерілді, соққы іздері қалған. Тиісті сараптамаларды тағайындадық. Қазір көліктер арнайы тұрақта тұр, тергеуші қылмыс құралы ретінде оларға тыйым салу туралы қаулы шығарды", - деді Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысы Думан Аухадиев.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции АлматыҮш адамды әдейі қақты деген жүргізушінің көлігі
Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты - Sputnik Қазақстан
Үш адамды әдейі қақты деген жүргізушінің көлігі

Сондай-ақ полиция департаменті хабарлағандай, 26 тамызда кешке жедел қызметкерлер қылмыс жасады деген күдіктілердің бірін қолға түсірді. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 24 жастағы тұрғыны екен. Жас жігіт тергеу біткенше қамауда отырады.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции АлматыЕкі көліктен де соққы іздері табылған
Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты - Sputnik Қазақстан
Екі көліктен де соққы іздері табылған

"Екінші жүргізуші де анықталды, жуық арада ұсталады. Адамдарды қаққан көлік табылып, тәркіленді. Айта кетсек, тергеу мұқият, жан-жақты әрі әділетті жүргізіледі", - деді полковник Аухадиев.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции АлматыКөліктер арнайы тұраққа қойылды
Алматыда үш кісіні көлікпен әдейі қақты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты - Sputnik Қазақстан
Көліктер арнайы тұраққа қойылды

Еске сала кетсек, Алматыдағы Гагарин көшесінде 26 тамызда таңертең ерте үш адам көлік астына түсті. Белгілі болғандай, бір топ жігіт өзара жанжалдасып, екеуі өз көліктеріне отырып, үш қарсыласын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Жаңалықтар
0