Саясат

Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2 қыркүйекте парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды", - деп жазды мәжіліс төрағасы Twitter парақшасында.

​Айта кетсек, дүйсенбі, 2 қыркүйекке тағы бір ауқымды саяси шара жоспарланған: мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды.