НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2 қыркүйекте парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды", - деп жазды мәжіліс төрағасы Twitter парақшасында.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2-қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды. pic.twitter.com/D7ABQn0IZ6
— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) August 26, 2019
Айта кетсек, дүйсенбі, 2 қыркүйекке тағы бір ауқымды саяси шара жоспарланған: мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды.