Қоғам

Елордада Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы басталды

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан аса ұстаз келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тамыз конференциясы жаңа 2019-2020 оқу жылының қарсаңында өткізіліп отыр. Тәуелсіздік сарайына барлық өңірден мектеп мұғалімдері, колледжер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Тағы оқыңыз: Білім министрі биылғы жыл ата-аналар үшін несімен ерекше екенін айтты 

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, конференция аясында білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медалімен, сондай-ақ Қазақстан президентінің Алғыс хатымен, "Ы.Алтынсарин" және "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталады.

Елордада Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы басталды

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту.