Қоғам

Елордада Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы басталды

© Sputnik / Абзал КалиевТамыз конференциясына келген ұстаздар
Тамыз конференциясына келген ұстаздар  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан аса ұстаз келді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тамыз конференциясы жаңа 2019-2020 оқу жылының қарсаңында өткізіліп отыр. Тәуелсіздік сарайына барлық өңірден мектеп мұғалімдері, колледжер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Тағы оқыңыз: Білім министрі биылғы жыл ата-аналар үшін несімен ерекше екенін айтты 

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, конференция аясында білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медалімен, сондай-ақ Қазақстан президентінің Алғыс хатымен, "Ы.Алтынсарин" және "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталады.

© Sputnik / Абзал КалиевТамыз конференциясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді
Елордада Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы басталды - Sputnik Қазақстан
Тамыз конференциясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту.

Жаңалықтар
0