Оқиға

Алматыдағы Көктөбе отқа оранды - фото

Көктөбедегі өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматыдағы Көктөбе тауында шөп пен қураған ағаш өртенді.

Көктөбе тауындағы өрт туралы хабар кезекшіге түстен кейін сағат екі жарым кезінде түскен. Көктөбе телемұнарасынан бір шақырым жердегі 10 гектар аумақ отқа оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

Ведомство хабарлағандай, адамдар мен ғимараттарға ешқандай қауіп төнген жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам мен төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз көлігі жұмылдырылған. Бұдан бөлек "Алматы тазалық" кәсіпорнының суару көліктері де тілсіз жаумен күресуге қатысты. Сондай-ақ өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның КА-32 және Алматы қаласы құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшақтары атсалысты.

Алматыдағы Көктөбе отқа оранды - фото