Оқиға

Алматыдағы Көктөбе отқа оранды - фото

© Photo : Комитет по ЧС РКТушение сухостоя на Кок-Тобе
Тушение сухостоя на Кок-Тобе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көктөбедегі өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматыдағы Көктөбе тауында шөп пен қураған ағаш өртенді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы сегодня (@almaty.today)

Көктөбе тауындағы өрт туралы хабар кезекшіге түстен кейін сағат екі жарым кезінде түскен. Көктөбе телемұнарасынан бір шақырым жердегі 10 гектар аумақ отқа оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

Ведомство хабарлағандай, адамдар мен ғимараттарға ешқандай қауіп төнген жоқ.

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКТушение пожара на Кок-Тобе
Көктөбедегі өрт - Sputnik Қазақстан
1/3
Көктөбедегі өрт
© Photo : Комитет по ЧС МВД РКТушение пожара на Кок-Тобе
Көктөбедегі өрт - Sputnik Қазақстан
2/3
Көктөбедегі өрт
© Photo : Комитет по ЧС РКТушение сухостоя на Кок-Тобе
Көктөбедегі өрт - Sputnik Қазақстан
3/3
Көктөбедегі өрт
1/3
Көктөбедегі өрт
2/3
Көктөбедегі өрт
3/3
Көктөбедегі өрт

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам мен төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз көлігі жұмылдырылған. Бұдан бөлек "Алматы тазалық" кәсіпорнының суару көліктері де тілсіз жаумен күресуге қатысты. Сондай-ақ өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның КА-32 және Алматы қаласы құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшақтары атсалысты.

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКӨрт сөндіруге тікұшақтар шақырылған
Алматыдағы Көктөбе отқа оранды - фото - Sputnik Қазақстан
Өрт сөндіруге тікұшақтар шақырылған
Жаңалықтар
0