Саясат

20 адамды жарып жіберді: Тоқаев әлемді дүрліктірген оқиғаға байланысты көңіл айтты

Каир көшелерінің біріндегі жарылыстан 20 адам қаза тауып, елуге тарта адам жарақат алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мысырлық әріптесіне Каирдегі терактіге байланысты жеделхат жолдады.  

"Мысырда болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты ел президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдадым", - деп хабарлады Қазақстан басшысы Twitter-дегі аккаунтында.   

Каирдегі теракт   

5 тамыз, дүйсенбіге қараған түні болған жарылыстан 20 адам қаза тауып, 47 адам жарақат алды. Жарылғыш заттар салынған көлік Ұлттық онкология институтының жанында жарылды.

​Тергеу барысында анықталғандай, автокөлік лаңкестік әрекет жоспарланған жерге бара жатқанда жол апатына ұшырап, жарылып кеткен. Мысыр билігі терактіні тыйым салынған "Хасам" террористік ұйымы ұйымдастырды деп санайды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Киотодағы өртке байланысты Жапония премьер-министріне көңіл айтты