НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мысырлық әріптесіне Каирдегі терактіге байланысты жеделхат жолдады.
"Мысырда болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты ел президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдадым", - деп хабарлады Қазақстан басшысы Twitter-дегі аккаунтында.
Каирдегі теракт
5 тамыз, дүйсенбіге қараған түні болған жарылыстан 20 адам қаза тауып, 47 адам жарақат алды. Жарылғыш заттар салынған көлік Ұлттық онкология институтының жанында жарылды.
#Cairo explosion: #terrorists behind #blast that #killed 20, #government says https://t.co/VRFi2mhHDD via @TheNationalUAE
— Najeeb Qureshi (@najeebarqureshi) 6 августа 2019 г.
Тергеу барысында анықталғандай, автокөлік лаңкестік әрекет жоспарланған жерге бара жатқанда жол апатына ұшырап, жарылып кеткен. Мысыр билігі терактіні тыйым салынған "Хасам" террористік ұйымы ұйымдастырды деп санайды.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Киотодағы өртке байланысты Жапония премьер-министріне көңіл айтты