Фото

Кеңес дәуіріндегі қазақ арулары: 50 жыл бұрын ел аузында жүрген сұлулар - фото

Sputnik

70 жылдары КСРО-да эстрада музыкасы кең қанат жая бастады. Бұған "Битлз" (The Beatles) тобының шығармашылығы ықпал етті деген пайымдау бар.

Қалай болғанда да, осы өнер бағытына деген қызығушылық Қазақстанда да пайда болып, вокалдық-аспаптық ансамбльдер, әртүрлі музыка және би топтары құрылды.

Тағы көріңіз: 70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болады - ескі суреттер

Сөйтіп, 1968 жылы Алматыда республикалық эстрадалық-жастар ансамблі құрылды, ал 1969 жылы ұжым "Гүлдер" қазақ жастар-эстардалық ансамблі деген атауға ие болды.

Бүкіл одаққа әйгілі болған "Гүлдер" елдің бетке ұстар ансамблі ретінде шетелге шығып, концерт беретін.

Аңызға айналған "Гүлдер" ансамблінің мерейтойына орай Sputnik Қазақстан назарларыңызға елу жыл бұрынғы архивтік суреттерді ұсынады.

1 / 22
"Гүлдер" ансамбліне бишілер Алматы хореографиялық училищесі студенттері арасынан таңдалатын.
2 / 22
"Гүлдер" ансамблінің алғашқы концерттері 1969 жылы болды.
3 / 22
Ұжымның репертуары қазақтың халық әндері, күйлері, билері, айтыс, сондай-ақ әлем халықтарының билерінен тұратын.
4 / 22
Суретте: "Гүлдер" ансамблінің орындауындағы "На закате ходит парень" вокалдық-хореографиялық композициясы.
5 / 22
"Гүлдер" ансамблі - Кеңес Одағындағы көптеген фестивальдің қатысушысы.
6 / 22
Одаққа әйгілі болған ансамбль елдің түкпір-түкпірінде, әртүрлі кәсіпорын жұмысшылары алдында концерт қойды.
7 / 22
"Гүлдер" КСРО-ның бетке ұстар ансамблі ретінде шетелге де гастрольдік сапармен баратын.
8 / 22
АнсамбльЧехословакия, Польша, Моңғолияда өнер көрсетті.
9 / 22
"Гүлдер" ансамблінің әртістері.
10 / 22
1975 жылы "Гүлдер" ансамбілінің 40 әртісі ГДР қалаларында концерт қойған.
11 / 22
"Гүлдер" ансамблінің орындауындағы кубалық би.
12 / 22
"Гүлдер" эстрадалық-би ансамблінің орындауындағы "Фараби сазы" биі.
13 / 22
1974 жылы "Гүлдер" Оңтүстік-шығыс Азия елдерін гастрольдік сапармен аралады.
14 / 22
"Гүлдер" эстрадалық-би ансамблінің құрамына республиканың ең сұлу арулары ғана қабылданатын.
15 / 22
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева 1976-1979 жылдары "Гүлдер" эстрадалық ансамблінің әншісі болған.
16 / 22
"Гүлдер" эстрадалық ансамблінің әншісі Мақпал Жүнісова.
17 / 22
"Гүлдер" эстрадалық-би ансамблінің мүшесі, Қазақ КСР халық әртісі Гүлжан Талпақова.
18 / 22
"Гүлдер" эстрадалық ансамблінің әншісі Қапаш Құлышева.
19 / 22
"Гүлдер" эстрадалық-би ансамблінің балет тобының бишісі Гүлнәр Мурабова.
20 / 22
Каламба Рахимова - Гүлдер" эстрадалық ансамблінің әншісі.
21 / 22
Гүлдер" эстрадалық-би ансамблінің әртісі Гүлжан Толпонова.
22 / 22
Гүлдер" эстрадалық-би ансамблінің әртісі Светлана Джонлиева.