70 жылдары КСРО-да эстрада музыкасы кең қанат жая бастады. Бұған "Битлз" (The Beatles) тобының шығармашылығы ықпал етті деген пайымдау бар.
Қалай болғанда да, осы өнер бағытына деген қызығушылық Қазақстанда да пайда болып, вокалдық-аспаптық ансамбльдер, әртүрлі музыка және би топтары құрылды.
Тағы көріңіз: 70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болады - ескі суреттер
Сөйтіп, 1968 жылы Алматыда республикалық эстрадалық-жастар ансамблі құрылды, ал 1969 жылы ұжым "Гүлдер" қазақ жастар-эстардалық ансамблі деген атауға ие болды.
Бүкіл одаққа әйгілі болған "Гүлдер" елдің бетке ұстар ансамблі ретінде шетелге шығып, концерт беретін.
Аңызға айналған "Гүлдер" ансамблінің мерейтойына орай Sputnik Қазақстан назарларыңызға елу жыл бұрынғы архивтік суреттерді ұсынады.