Өңірлер

Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

 Ірі кәсіпкердің жол талғамайтын көлігіне өткен жұма күні белгісіз біреу оқ жаудырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Шымкентте ірі кәсіпкерді өлтіріп кетті, полиция қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыс 19 шілде күні Арай көшесінде болған. Өңірлік Otyrar.kz порталы хабарлағандай, сағат шамамен 15.30-да бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне аңшы қаруынан оқ жаудырған.

Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

Шымкент полициясы жергілікті тұрғынды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.