НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Шымкентте ірі кәсіпкерді өлтіріп кетті, полиция қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыс 19 шілде күні Арай көшесінде болған. Өңірлік Otyrar.kz порталы хабарлағандай, сағат шамамен 15.30-да бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне аңшы қаруынан оқ жаудырған.
© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу
Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу
© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента
Шымкент полициясы жергілікті тұрғынды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента Криминалистикалық зертхана орналасқан автокөлік
Криминалистикалық зертхана орналасқан автокөлік
© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента
Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.