Оқиға

Қызға жіберген смс себеп болған: "Абу-Даби Плазада" жанжал шықты

Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы жанжалға полицейлерге араласуға тура келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Астаналық полицейлер "Абу-Даби Плаза" нысанындағы қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы дауды шешті.

Елордалық полиция департаментінің  ақпаратына сәйкес, түскі сағат 15:00-де Ақмешіт-Сығанақ қиылысындағы Sheraton Hotel Astana қонақүйінен қоңырау түскен. Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар сөзге келіп қалған.

Қызға жіберген смс себеп болған: "Абу-Даби Плазада" жанжал шықты

"Жанжалға "Абу-Даби Плаза" нысанында жұмыс істейтін қызға келген смс хабарлама себеп болған. Ол өзіне смс жазған шетелдік жұмысшы туралы айтып, досына шағымданды", - деп хабарлады полициядағылар.

Тағы оқыңыз: Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы

Полиция қызметкерлері даудың алдын алды. Оқиғаға қатыстылар анықталды, тексеріс жүріп жатыр.