НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Астаналық полицейлер "Абу-Даби Плаза" нысанындағы қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы дауды шешті.
Елордалық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, түскі сағат 15:00-де Ақмешіт-Сығанақ қиылысындағы Sheraton Hotel Astana қонақүйінен қоңырау түскен. Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар сөзге келіп қалған.
© Sputnik / Айгюзель Кадир"Абу-Даби Плаза" құрылыс нысанының маңында жүрген жол патрулі
"Абу-Даби Плаза" құрылыс нысанының маңында жүрген жол патрулі
© Sputnik / Айгюзель Кадир
"Жанжалға "Абу-Даби Плаза" нысанында жұмыс істейтін қызға келген смс хабарлама себеп болған. Ол өзіне смс жазған шетелдік жұмысшы туралы айтып, досына шағымданды", - деп хабарлады полициядағылар.
Тағы оқыңыз: Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы
Полиция қызметкерлері даудың алдын алды. Оқиғаға қатыстылар анықталды, тексеріс жүріп жатыр.