Оқиға

Алматыдағы жойқын өрт: үш жеке тұрғын үй отқа оранды - видео

Алдын ала деректер бойынша, Потанин көшесіндегі өрт салдарынан екі адам зардап шеккен
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 шілде — Sputnik. Алматыда үш жеке тұрғын үй мен шаруашылық қора-жайлар өртеніп кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Оқиға 18 шілдеге қараған түні Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.

Жалын үш бірдей жеке тұрғын үйді шарпып, маңындағы шаруашылық қора-жайлар өртене бастаған. Алдын ала деректерге сүйенсек, екі адам зардап шегіпті.

Өртену аумағы мен себептері анықталып жатыр.