АЛМАТЫ, 18 шілде — Sputnik. Алматыда үш жеке тұрғын үй мен шаруашылық қора-жайлар өртеніп кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Оқиға 18 шілдеге қараған түні Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.
Жалын үш бірдей жеке тұрғын үйді шарпып, маңындағы шаруашылық қора-жайлар өртене бастаған. Алдын ала деректерге сүйенсек, екі адам зардап шегіпті.

1/2
© Sputnik / Стрингер
Потанин көшесінде жеке тұрғын үйлер өртенді

2/2
© Sputnik / Стрингер
Потанин көшесінде жеке тұрғын үйлер өртенді
1/2
© Sputnik / Стрингер
Потанин көшесінде жеке тұрғын үйлер өртенді
2/2
© Sputnik / Стрингер
Потанин көшесінде жеке тұрғын үйлер өртенді
Өртену аумағы мен себептері анықталып жатыр.
