Саясат

Қазақстан мен Ресей шекараға қатысты мәселелерді келісті

Қазақстан мен Ресейдің демаркациялық комиссиясының келесі отырысы осы жылдың тамызында өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы шекараның кейбір учаскелері бойынша шешімдерді бекітті. Демаркациялық комиссияның отырысы Самарада өтті, деп хабарлайды Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

8-12 шілде аралығында Самарада өткен кездесу аясында қос тарап Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері бойынша демаркацияның қорытынды құжаттарының жобасын бекітті. Сондай-ақ, далалық демаркациялық және қағаз жұмыстарына қатысты мәселелерді келісті.

Ведомстводан атап өткендей, тараптардың келіссөзі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Тағы оқыңыз: Енді Ресейге баратын қазақстандықтар басқа құжат көрсетуі тиіс

Комиссияның келесі отырысы Қазақстанда осы жылдың тамызында өтеді.