НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы шекараның кейбір учаскелері бойынша шешімдерді бекітті. Демаркациялық комиссияның отырысы Самарада өтті, деп хабарлайды Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
8-12 шілде аралығында Самарада өткен кездесу аясында қос тарап Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері бойынша демаркацияның қорытынды құжаттарының жобасын бекітті. Сондай-ақ, далалық демаркациялық және қағаз жұмыстарына қатысты мәселелерді келісті.
Ведомстводан атап өткендей, тараптардың келіссөзі достық және сындарлы атмосферада өтті.
Тағы оқыңыз: Енді Ресейге баратын қазақстандықтар басқа құжат көрсетуі тиіс
Комиссияның келесі отырысы Қазақстанда осы жылдың тамызында өтеді.