Қоғам

Тоқаев Валентина Матвиенконы "Достық" орденімен марапаттады

РФ федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентину Матвиенконы І дәрежелі  "Достық" орденімен марапаттады.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін РФ федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко дәрежелі "Достық" орденімен наградталсын", - деп жазылған Ақорда сайтында.

"Достық" ордені

"Достық" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы. 

Орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

Оның екі дәрежесі бар.