НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентину Матвиенконы І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
"Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін РФ федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко дәрежелі "Достық" орденімен наградталсын", - деп жазылған Ақорда сайтында.
"Достық" ордені
"Достық" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы.
Орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.
Оның екі дәрежесі бар.