НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен "Еуропалық одақ – Орталық Азия" атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев неліктен президент ретінде алдымен Ресейге барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.
Кездесу барысында мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.