Саясат

Тоқаев сыртқы саяси іс-шаралар кестесімен танысты

© Официальный сайт Президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен "Еуропалық одақ – Орталық Азия" атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неліктен президент ретінде алдымен Ресейге барды 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.

Кездесу барысында мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Жаңалықтар
0